2007 - МЕТАЛЛ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ ЗАУЫТЫНЫҢ АШЫЛУЫ

2007 жылы біздің өндірісіміздің ашылуы болды. Металлдан жасалынатын құрылғыларды өндіру бойынша зауыт бұл сөздің тура мәнінде нөлден бастап құрылды. Бастапқы кезеңнің барлық қиыншылықтарына қарамастан металл өңдеу үшін  ең замануи, дәлдігі жоғары, қуатты, қымбат бағалы жабдықтар сатып алынды. Бұл швейцариялық өндірістегі лазер білдегі, және зергерлік – кескіш баспақ, ию білдігі, гильотина, бояу камералары және т.б. Барлық жабдықтар тек ғана беделі жоғары еуропалық өндірушілерден сатып алынды. «Промет» металл құрылғыларының зауыты Алматы облысындағы Покровка ауылының аумағында бұған дейін ешкіммен игерілмеген аймақта бір топ ынтагерлермен құрылған болатын және басынан бастап Қазақстан зауыттарының лайықты өкілі болды. 

Өндіріс шағын инфрақұрылымдық шешімдерді (байланыс шелтерлері немесе шағын шелтерлер, контейнерлер, блокты-модульді ғимараттар және т.б.) өндіру үшін құрылды. «Прометтің» негізін қалаушылар Қазақстан аумағының .үлкендігін және инфрақұрылым құрылысы алдағы он жылдықта басым тапсырмалардың бірі болатындығын түсінді. Кез келген  құбыр, кез келген темір немесе автомобильді жол, кез келген байланыс желісі, коммуникация желісімен және қызмет көрсетілмейтін байланыс тораптары деп аталынатын белгілі бір арақашықтық арқылы орнатумен қоса жүргізілуі тиіс. Біздің тапсырмамыз  мұндай байланыс тораптарының құрылғылары үшін, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы блокты-модульді ғимараттарды, соның ішінде техникалық шағын бекеттерге арналған вандалға қарсы, сенімді контейнерлердің өндірісін ұйымдастыру болды. 

Металл құрылғыларының өндірісі – күрделі технологиялық үдеріс. Мұндай металл құрылғыларына жоғарғы: беріктік, төзімділік, орнықтылық, барлық маусымдылық  талаптары қойылады. Біз бірінші кезекте телекоммуникация компаниялары, көлік және мұнай компанияларына арналған шешімдерді шығарамыз. Басынан бастап біз Қазақстан аумағындағы металл құрылғыларының ең үздік өндірушісі болдык, және бүгінгі күнге дейін болып келеміз және  болашақта осы көшбасшылықты сақтау үшін барлығын жасаймыз!

2010 ӨНДІРІС САПАСЫН ДӘЛЕЛДЕУ

Біз  Қазақстандағы  металл құрылғыларының №1 зауыты, біз өндіретін өнімнің күрделілігі мен сапасы, кәсіпорындарды техникалық жабдықталуы бойынша көшбасшы болып табылатындығымызды мақтан етеміз. 

Жұмыстың алғашқы жылдары бағалы тәжірибежинап, біз металл құрылғыларының өндірісінің стандарттарын арттыруды жалғастырдық. Мысалы, Қазақстанның мұнайгаз өндірісінің көшбасшысы «ТенгизШевройл»  тәрізді талаптары қатаң тапсырыс беруші - компанияларға арналған аса күрделі өнімдерді орындауды жолға салдық. Біз елміздің ең үздік зауыттарының деңгейіне сәйкес келуге тырысып, тапсырыс берушілердің талаптарына қатысты әрқашан мұқият болдық.

Үлкен жұмысты атқарып, біз Қазақстан аумағында біздің металл құрылғыларды жасап шығаратындығымызды растайтын (құрамының 96% Қазақстанда өндірілген) және олардың сәйкес өңдеуден өткендігін, сондай-ақ жеңілдікті шарттармен жүргізілетін барлық сатып алуларға қатысу мүмкіндігін береді.

Өзімізге және өндіріс стандарттарына қатысты жоғарғы талаптарды тұрақты түрде қойып біз сапалы жаңа деңгейге көтерілдік. Осының арқасында, бірте-бірте Қазақстан нарығындағы біздің өніміміздің тұтынушылары арасында танылып және Сапа Менеджментінің Сертификатын алдық.

2014 ӨНДІРІСТІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Біз металл құрылғыларының өндірісін әрбір кезеңде барынша оңтайландыр үшін тұрақты түрде жұмыс істейміз. 2014 жылғы қараша айынан бастап Ұқыпты Өндіріс жүйесі кәсіпорынға енгізіле бастады. Еуропалық қайта құружәне даму банкінен грант алынып және «Кайдзен» жүйесі бойынша кеңесшілер тартылды. «Кайдзен» — бұл сапаны, технологияны, үдерістерді, корпоративті мәдениетті, еңбек өнімділігін, сенімділігін, көшбасшылығы мен бизнестің басқа да аспектілерін үздіксіз жақсарту жүйесі. Және бұл біздің зауытымыздың негізін қалаған күннен бастап ұмтылатынымыз. 

Сонымен қоса соңғы жылдары біз біліктілігі жоғары кадрлардан сенімді команданы құрғанымызды мақтанышпен атап өтуге болады. Дұрыс кадр саясаты кадр тұрақтамаушылығының және басқа да қызметкерлермен байланысты мәселелердің жоқтығына әкелді. Қазір өндірістік құрылымның барлық деңгейіндегі барлық қызметкерлер өздерін сенімді ұстап, реттілікпен  жұмыс істейді. Бұл металл құрылғыларын даярлау үдерісін  аса  оңтайлы  жасауға мүмкіндік берді. 

Жұмыс орнындағы тіртіп, зауыттың барлық бөлмелеріндегі тазалық пен тәртіп, тұрақты қаржылық жағдай мен біздің өндірістік мүмкіншіліктерімізді тұрақты дамуы – тиімді басқару нәтижесі!