"ПРОМЕТ" КОМПАНИЯСЫНДАҒЫ МАНСАП
- ТОО "Промет"
“Промет” металл құрылғыларының зауыты нарықта 2007 жылдан бастап жұмыс істейді (компания тарихы туралы толығырақ...), және өнімнің жоғарғы сапасы мен қызметкерлердің біліктілігін үнемі сақтайды. Даусыз, кез келген кәсіпорын сәттілігінің маңызды факторларының бірі қызметкерлердің бліктілігі болып табылады. Біліктілігі жоғары жұмыс құрамы мен басшылықтың бай тәжірибесімен және озық технологиялық шешімдермен бірлесіп біздің зауытымыздың сәттілігінің берік іргетасын құрайды.
Қызметкерлерді іріктеу ерекшеліктері.
Кез келген дамушы кәсіпорын ретінде, біз тұрақты түрде біздің қызметкерлеріміздің қатарын кеңейтіп отырамыз.
Біз өндірістік команда мен әкімшілік қызметкерлеріміз үшін қызметкерлерді іріктеуге қатысты жауапкершілікпен қараймыз, сонымен қоса біздің еңбек ұжымымыздың әрбір мүшесінің еңбегіне лайықты төлейміз. Жұмысқа жалдау кезінде оның мамандығына екінші кезекте назар аударамыз. Өндірісте өз тапсырмаларымен іскерлікпен орындайтын, біз үшін - аса қымбат. Металл құрылғыларын даярлау – ол үшін күресітіндерге арналған, қатаң талаптар қойылатын, нақты техникалық үдеріс!
Сондай-ақ жұмысқа жалдау кезіндегі маңызды фактор кандидат зердесінің икемділігі, оның оқуға деген ынтасы мен өз жұмысын күннен күнге жақсы орындайтындай, клиенттің кез-келген қажеттіліктеріне жеңіл ілесе білетіндіктей, сондай-ақ штаттан тыс жағдайларға жылдам әрекет етіп және штаттан тыс жағдайларда жылдам әрекет етуге және күтпеген аралық тапсырмаларды анық орындай алатындай болу қажет.
Кандидаттарды бастапқы іріктеу біздің компаниямызда сұхбаттасу кезеңіде жүргізіледі, ол жерде олардың тұлғалық мінездемесі бағаланады. Сұхбаттан сәтті өткен жағдайда, кандидат өз лауазымына сәйкес тәжірибелік тапсырмаларды алады, оның қорытындысы бойынша жұмысқа қабылдау туралы соңғы шешім қабылданады.
Қызметкерлерге арналған өсу болашағы.
Біз кәсіпорнымыздың кез келген қызметкеріне оның жасына, жұмыс өтіліне немесе ұлтына тәуелсіз бірдей құрметпен қараймыз. Олардың әрбірінің мансаптық өсу болашағы оның оқау мен кәсіби дамуына қатысты тікелей тепе-тең деп айтуға болады. Қызметкер сынақ мерзіміне кіріскен кезде, біз оны кәсіпорындағы өндірістік үдерістерінің барлық кезеңдері арқылы мұқият өткіземіз: ұйымдастырушылық сұлбамен таныстырамыз, жұмыс орнын бөлеміз, базалық нұсқаулық өткіземіз және кәсіпорында бейімделу барысында пайда болуы мүмкін, кез келген қиындықтар мен сұрақтарды шешуге көмектесеміз. Біз әрбір қызметкердің кәсіби және тұлғалық өсуін мұқият қадағалап және оны бір сатыға көтеруге әрқашан дайынбыз.
Қорытындысында: біздің өндірісіміздің тапсырмаларына арналған біліктілігі жеткілікті тұлға, біздің қызметкеріміз бола алады. Содан соң өз ісінде адал жұмыс істеп және жетілдіре отырып, қызметкер қатардағы жұмысшы позициясынан цех бастығына дейін және әрбір қадаммен өзінің айсайынғы жалақысын арттыра отырып, тұрақты түрде одан да жоғары көтеріле алады.
Мысалға біздің зауытымызда болған, нақты жағдайды келтіруге болады:
Бір жас жігіт контейнерлерді дәнекерлеп және жинай білді, бірде ол біздің кәсіпорнымызға келіп жұмыс істеу үшін өндірістік бөлмені жалғас сұрады. Сол кезде аумағымыз жеткілікті болғандықтан, біз оның сұранысын қанағаттандырдық. Уақыт өте келе сол жігіттің бағынышты адамдары пайда болып, ол өз қызметін кеңейте бастады. Оның өсуін қадағалай отырып, біз оны біздің зауытымызға контейнерлерді жинау бойынша монтаждау бригадасының бастығы лауазымына жұмысқа шақыру шешімін қабылдадық. Сол адам қарапайым монтаждаушыдан учаске басшысына дейін көтерілді, және ол қазір біздің толық құқықтық қызметкеріміз, зауыттағы орта буын басшыларының үздігі болып табылады.
Командадағы атмосфера.
Біздің кәсіпорында жұмыс командасын құруға ерекше назар қойылады, ал қызметкерлер тек ғана қамқорлықпен қамтылған. Лайықты еңбек ақысынан басқа, әрбір қызметкердің жоғарғы сапалы жұмысқа киетін бірыңғай формалы киімнің екі жиынтығы бар ал цех бойынша тазалық пен тәртіп орнатылған. Біз барлық аспаптар мен жұмыс жабдықтар үздік атқарымдылығын қамтамасыз етіп, бұзылым немесе аспаптардың жетіспеушілігі болған жағдайдаоны қысқа мерзімде жоямыз.
Біз сонымен қоса әрбір қызметкерге өзін команданың бір бөлігі ретінде сезінеуге және біздің зауытымыздың дамуына өз үлесін қоюға мүмкіндік береміз. Ортақ іске салынатын баға жетпес әрбір үлес – ынталандырылады. Қызметкерлер ешқандай кедергісіз жоғарғы басшылықтың жиналысына қатыса алады, сондай-ақ кәсіпорынның даму стратегиясын талқылауға қатыса алады. Әрбір қызметкер кәсіпорынның техникалық немесе ұйымдастырушылығына қатысты өзінің ұсыныстарын жасауға құқығы бар, мұндай шешім нақты енгізілген жағдайда, авто ақшалай сыйақы алады.
Біз сонымен қоса тамақтандыруды қаржыландырамыз (біздің кәсіпорындағы асханадағы түскі ас кез келген қызметкерлеріміз үшін бар болғаны 100 тг тұрады), ал жуық болашақта қызметкерлер үшін тасымалдау көлігін ұйымдастырамыз.
Жалпы алғанда, егер cіз - өз жұмысын жақсы көретін, кәсіби білікті маман болсаңыз және оларды орындауға қатысты жауапты келсеңіз – қош келдіңіз! Сіз ешқандай қиындықсыз біздің ынтымақты жұмыс ұжымына кіріп және тез оның ажырамас бөлігі боласыз.