«ПРОМЕТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫМЕН СҰХБАТ

ТОО "Промет"

"Әрқашан сен бір нәрсені жақсарта алатын, бір күнің бар..."

(Сарсенбаев Қ.Т.)

direktor— Қанат Түребайұлы, өтінемін, өзіңіз туралы аз ғана айтып беріңізші.

— Біріншіден, мен 50 жастан асқанмын, яғни мен толық өмірлік қуаты бар ересек адаммын. Мен ғылыми қызметпен айналыстым. Химиялық факультетті тәмамдап және Ғылым Академиясының химиялық ғылым Институтында 7 жыл жұмыс істеп және кандидаттық диссертацияны қорғадым. Содан соң Павлодар химиялық зауытында жұмыс істедім, ал содан соң «AstanaMotors» компаниясына жұмысқа кіріп, ол жерде әртүрлі лауазымдарда тағы 10 жыл жұмыс істедім. Содан кейін «Peugeot» автокөліктерін сатумен айналысатын, компанияда 8 жыл жұмыс істедім. Сонан соң «AstanaMotors» қайтып, ол жерде «Hyundai» автокөліктерін құрастырумен айналыстым, осы зауыттың  директоры болдым. Біз аз салмақты жүк көліктерін жинаудың пилотты жобасын іске қостық, содан соң SKD (Semi-Knockdown) деп аталынатын, дәнекерлеумен, толық құрастырумен, аса күрделі технологиясы бойынша құрастыруды игердік. Біздің зауытымызды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеке өзі келіп көрді, біз оны қарсы алып, өз өнімімізді көрсеттік. Ол жерде көптеген айтарлықтай оқиғалар болды, және осының бәрін жасау қызық болды. Содан соң, 2 жыл бұрын мен «Промет» металл құрылымдарының зауытына келдім. Бұл мен үшін шақырту болып, енді мен 100 адамға жуық ұжымды басқарамын.

— Сіз өзіңіз үшін өміріңізде техникалық бағытты таңдадыңыз. Сіз металлмен жұмыс істейсіз, сіз бұрын да механизмдермен, көліктермен байланысты болған, мұндай қызметпен айналыстыңыз, бірақ сіз біліміңіз бойынша химиксіз. Неліктен сіз қызметтің дәл осы саласын таңдадыңыз?

— Бірінші кезекте менің айтқым келетіні, химик – бұл жаратылыстану біліміз.  Біз қоғамдық пәндер бар дейміз, ал жаратылыстану біліміне – физиктар, химиктар, математиктар жатады. Бұл – ерекше ақыл-ой жаратылысы. Мен жаратылыстану білімі- жаман дегім кемейді. Кейбір салаларда бұл тіпті әлдеқайда жақсырақ. Жаратылыстану ғылымдары едәуір қатаң қисынның бар болуымен, бұл қисыннан шегінуге болмайтындығымен қызықтырады. Мысалы, математикада теңестіру  «жай әншейін» шешілмейді, химияда сіздің  алғыңыз келетін  реакция немесе оқиға бола қоймайды. Бұл да біздің қазір зауытта инфрақұрылымдық шешімдермен шынымен айналысатынымыз – ол өзіне машина жасау, және құрылыс элементтерін қосады. Қисыны сондай, дәл осы сала менің жаратылыстану білімімнің жалғасы болып табылады. Бұл жерде егер бір нәрсе дәл жасалмаса, ол міндетті түрде ең жағымсыз орында көрінеді. Егер құрылымы белгілі бір беріктікке есептелмеген болса, ал сіз қателікті құрылымында жіберсеңіз, бұл аса күрделі нәтижеге алып келуі мүмкін. Сондықтан қисыны қарапайым – жаратылыстану білімі біздің қазір жасап жатқан, аса қатаң, аса дәл бағыттағы қызметке қарай итермелейді. Біз жасап жатқан, металлды өңдеу мен құрылымдар айтарлықтай дәл.

— Өтінемін, сіздің зауытыңыздың тарихын айтып беріңізші. Кәсіпорын қалай дамыды?

— Тарих мынадай. Кәсіпорын 2007 жылы құрылды. Мен өкінішке орай зауыттың қалыптасу кезеңінде болмадым. Бұл тарих мені тәнті етеді. Кеңес одағынан кейінгі кеңістіктіктегі зауыттардың классикалық тарихы қандайда бір зауытты әр түрлі цехтарға жекешелендіру тарихы бар. Адамдар қолда бар инфрақұрылымды пайдаланды (бөлмелер, кіру жолдары, инженерлік коммуникациялар), ал 2007 жылы адамдар жиналып және ашық далалық жерде, қандай да бір сайдың орнында зауытты салды, және металл өңдеуге арналған өте қымбат жабдық сатып алды. Мысалы, швейцариялық "Bystronic" фирмасының лазерлі білдегі 800 мың еуроға сатып алынды. Сондай-ақ  әлемнің жетекші елдерінің басқа да жабдықтары сатып алынды: «FinnPower» фирмасының айналмалы-кесу баспағы мен ию білдектері, ADIRA гильотинасы, алдын ала майсыздандыратын және металлды фосфорлайтын TAISS итальяда шығарылған сырлау камерасы. Айтарлықтай қымбат жабдық, өрескел айтқанда, энтузиасттармен ашық далада пайдаланылды, бұл сол кезеңге өздігінен таңқаларлық еді. Идея мынадай – құрылтайшылар шетелде көрген, кәсіпорындардың біріне ұқсастырып, телекоммуникация саласына арналған контейнерлерді шығаруға арналған зауыт құру болды. Қазір біз бұл тақырыпты дамытып және кеңейттік.

— Сіздің кәсіпорныңыз негізгі қандай топтағы өнімдерді шығарады?

Қазақстан үшін, біздің үлкен аумағымызбен, инфрақұрылым алдағы кем дегенде 20-30 жыл өте өзекті тақырып болады. Кез келген құбыр желісі, кез келген темір жол немесе автожол коммуникация желісімен қоса жүруі қажет. Егер коммуникация желісі болса, онда әдетте сыртқы, вандалға қарсы шелтерлер қойылады, оның өндірісімен қазір бір айналысудамыз. Егер мысалы, шыны талшықты желіне немесе кез келген коммуникацияға (үлкен газ құбыры, немесе құбыржелісі, немесе мұнайқұбыры), қызмет көрсетілмейтін байланыс тораптары деп аталынатын, бөлінгіш сандар арқылы арақашықтыққа, әрқашан мұндай шешім қойылады. Біз де мұндай тораптарды шығарамыз. Сондай-ақ біз желіні дамытып, әр түрлі мақсатқа арналған блокты-модульді ғимараттарды жасаймыз, соның ішінде аралық стансалар. Қазір біздің "Сименс-"ҚазақстанТемірЖолы" БК бірге үлкен жобамыз бар. Біз ҚТЖ күш аралық стансаларын қалпына келтіруге қатысудамыз, біз блокты-модульді ғимараттардың өндірісімен айналысудамыз. Келесі үлкен жоба  - бұл Қазақстанның батысы, сыртқы аралық стансалары қойылатын, жері мұнайлы және газды аудандар бұл жерге ерекше талаптар қойылады: олар берік, тұрақты, сыртқы әсерлерге төзімді, қысқаша айтқанда берік бұзылмайтын болу қажет. Міне мұндай өнімдерді біз де жасай аламыз. Тағы бір біздің сәтті жобамыз – бұл «Қазақтелеком» мен ұялы операторлардың желілері. Қазір «ҚазТелеРадио» санды хабар тарату желісін пайдалануға енгізуді аяқтап жатыр.  Мұндай қаладан жалғай орналасатын желілерде, біздің құрылымдық шешімдеріміз - байланыс құрылғылары пайдаланылады.

— Өтінемін, зауыттың дамуының негізгі кезеңдері туралы айтып беріңізші. Даму кезеңінің 8 жыл ішінде, сіз ерекше айтып көрсететін кезеңдері болды ма?

— Шынында, 8 жыл – айтарлықтай үлкен мерзім емес, қандай да бір маңызды кезеңді бөліп айту қиын. Адамдар әдетте қарапайым тапсырыстарды беріп бастайды, содан соң қызық идеялар пайда болып және мысалы,  «Сименс», "АББ", «ТенгизШевройл» тәрізді компаниялар келеді. Мысалы, «ТенгизШевройл» -да олар пайдаланатын, өнімге арналған талаптарының жүйесі өңделген, және олар өте қатаң. Әдетте олардың барлығы Қазақстанда емес, шет елдерде жасалынды. Шамамен 2 жыл бұрын инспекторлар біздің кәсіпорында аудит жүргізу үшін келе бастады, - тексеру жүргізді, ұсыныстарын берді, өз талаптарын көрсетті. Біздің кәсіпорында, біз бақытымызға орай, талаптарды орындап отырдық. Біз дәнекерлеу жабдықтарын жаңарттық, адамдарды оқыттық, лицензия алдық, жүйелі түрде емтихан тапсырдық, ТШО форматы бойынша жұмыс істей бастадық, атап айтқанда, жұмыстарды атқарудың әрбір кезеңі актіленеді, «жасырын жұмыстардың актісі» сарапшының қатысуымен құрастырылады. Қандайда бір ауытқулар болған жағдайда немесе ақаулар анықталған жағдайда хаттама жасалынып және қайта жасау жұмыстары жүргізіледі.  Яғни біз "Сименс", "АББ", "ТенгизШевройл"  жобалары бойынша қандайда бір кезеңдерді өтіп, менің ойымша сапалы жаңа деңгейге көтерілдік. Әрине, біз өнімді тапсырыс берушіге тапсырған кезде, біздің өніміміз үшін мақтаныш сезімін сезіндік, себебі ол Қазақстанда жасалған, өнімнің 96% Қазақстанда жасалған, метал, жұмыс, металл өңдеудің барлық түрлері – барлығы біздікі. Біздікі шынымен – «Қазақстанда жасалған». Және әрине біздің, CT-KZ сертификатымыз бар. Біз әрдайым біздің өнімдерімізді түрлендірумен айналысамыз.  Өткен жылдың қараша айынан бастап біз «Ұқыпты өндіріс» жүйесін енгізу бастадық. Біз Еуропа қайта құру және даму банкінен грант алып және «Кайдзен» жүйесі бойынша арнайы оқытылған кеңесшіні тарттық  және қазір мұнымен белсенді айналысып жатырмыз. Бұл жүйе еңбек өндірісін арттыруға, аймақты қажеттілігін азайтып, өндіріс желісін және т.б. мүмкіндік береді. Нәтижесінде біздің клиенттерімізге арналған тапсырыстар тез және сапалы орындалады. Бұл да айтарлықтай маңызды кезең болып табылады.

— Сіздің зауытыңыздың қалыптасу кезеңінде сізге қандай қиыншылықтар тап болды?

— Мұндай жұмыста қиындықтар жиі тап болады. Бірінші, айта қалғандай кең таралғаны және берінде жатқан қиындығы – білікті мамандар. Бізде соңғы жылдары ұжым аяғына тұрды.  Бұған дейін әрине кадр тұрақсыздығы мен еңбектен айыру болды. Қызметкерлердің өзінің кәсіпорнына қатысты қарым-қатынасын өзгерту қиын болды. 2009 жылдан 2010 жылдар аралығындағы кезең әсіресе өндіріс үшін қиын кезең болды. Кәсіпорында дағдарыс та болып, 3 айға дейін жалақылар төленбеген жағдайлар да болды. Біз бұл мәселені қолға алып, ең бірінші – жалақыны жүйелі түрде төлей бастадық, жаңа бірыңғай киімдер сатып алдық (барлық жұмысшылар үшін 2 жиынтық), цехты толығымен әртүрлі қажетсіз ескі құсқыдан тазарттық, барлығын жуып, барлығын сырладық, әкімшілік корпустың құрылысын аяқтап, ол жерде душ бөлмесін, асхана жасадық, түскі асқа демеуқаржы бөлдік, - біздің қызметкерлеріміз үшін түскі ас (ал бұл- бірінші, екінші, үшінші және тіпті, төртінші) 100 теңгені құрайды, яғни жемісті еңбек ету үшін жақсы жағдай жасауға тырыстық. Және бізде болған кадр тұрақсыздығы, өз жұмыс орнына нашар қарым-қатынас, уәждеменің жоқтығы тәрізді қиындықтарды – біз еңсердік. Қазір біздің барлық қызметкерлер дерлік жұмысқа сүйсіне келеді. Олар басшылық тарапынан назардың барын сезінеді, жабдық пен құрал-саймандарға қатысты барлық сұрақтар жылдам шешіледі – құрал-саймандар бойынша, сапа бойынша, жабдықты жөндеу бойынша қыстағы жылу бойынша қиындықтар жоқ. Біз тек ғана әлеуметтік мәселелермен айналыса бастадық, ал бұл қиындық кейінгі жоспарға өтті.

Бәсекелестік қиындықтары бар. Мысалы, біз барлығын МемСТ және ҚНжЕ бойынша өте жақсы жасаймыз, біздің СББ бар білдектеріміз металл өңдеуді қатесіз орындайды. Ал Вася ағай бақшада төрт құбырды дәнекерлеп, металлмен жиектеп, сол жерде бояп және мұны өнім ретінде беретін, бәсекелестік бар. Біздің өнімдер толығымен барлық талаптарға сәйкес келеді: әрбір бөлшегі дәл келісіп, осылардың барлығы дәл тігіспен дәнекерленеді, әрбір бөлігі бөлек сырланады, яғни көптеген жылдарға сапа кепілі беріледі. Жалпы, ресми кепілі – 2-3 жыл, бірақ біз 10 жылға дейін кепілдеме береміз. Міне тағы бір мысал: жақында біздің адамдарымыз бір байланыс операторы желіден шешіп және жоюға жіберген, бұрын пайдалануда болған контейнерлерді көрген: олардың бір бөлігі мен айтып өткен «Вася ағай қандайда бір кішкентай цехта, гаражда» дәнекерленген контейнерлер болатын. 3 жылдан кейін контейнерлер жарамсыз болады: олар тот басып, ішінен зең басады, барлығы қисаяды, ал оның ішінде жарты миллион тұратын жабдық тұр. Сонымен бірге маңызды дәлел– қымбат жабдық сәйкес келмейтін бөлмеде құрастырылатындығы есепке алынбайды- желі арзан және тез дамытылады, бірақ олар 2-3 жылдан кейін ауыстырылуы тиіс және салғыр, сараң иесі, екі рет төлейді. Өкінішке орай, тапсырыс берушілердің мұндай шешімдері «Вася ағайдың» өнімін көтермелейді. Міне осындай қиыншылықтар – «дұрыс емес» бәсекелестік.

Айтпақшы, мысалы, «ТенгизШевройл» ешқашан «Вася ағайға» тапсырыс бермейді. Олар сапаның – өте маңызды құрамдас бөлігі екендігін түсінеді. Егер сапалы және арзан объектілерді салыстыратып болсақ, онда арзанды сатып алған кезде, сіз 2 есе аз төлейсіз, бірақ он жылдыққа қабылданатын  инфрақұрылымдық шешімдер тарапынан қарайтын болсақ, сатып алу бағасына емес, тұтастай объектіні иелену құнын есепке алу қажет. Егер сіз бұл сапасыз контейнерді 2-3 жылдан кейін ауыстыратын болсан, онда сіз екі есе құнын төлейсіз. Ал Сіз тіпті аз ғана уақытқа желіні тоқтату, мысалы, ұялы байланыс немесе санды хабар тарату қанша тұратындығын елестетіп көріңіз...

Міне сіз қиындықтар туралы сұрадыңыз, міне тағы осындай қиындықтар бар – тапсырыс беруші біздің шешімдердің дұрыстығына қалай сендіру қажет? Біз біздің шешімімізді қолдану қажеттігін себебі ол шынымен 10 жыл қызмет істейтіндігімен сендіреміз. Тапсырыс беруші: «Жоқ менде бюджет. Біз  арзанырағын аламыз, ал сіздің шешіміңізді қалтамыз көтермейді» деп айтады. Түсінік уақыт өте келе келеді. Қиындығы сол, өкінішке орай белгілі бір уақыт өтуі тиіс, инфрақұрылымдық шешімдерді олардың жабдықтарының талаптарына жауап беретіндей етіп қолдану қажет..

— Рахмет. Сіздің ойыңызша сіздің компанияныздың сіздің бәсекелестеріңіздің арасында не ерекше етеді?

— Біз "ABB", "Siemens", "ТенгизШевройл" компанияларымен келісім-шарттарымыз бар. Біздің басты ерекшеліктеріміздің бірі – бұл біздің құрылымымыз кез келген клиентке және айтарлықтай жылдам бейімделе аламыз. Міне, мысалы, Қазақстанда қандайда бір жобаларын "Siemens" компаниясы үшін жүзеге асырған бізге қарағанда аса ірі зауыт бар. "Siemens" кезектегі тапсырыспен оған жүгінеді, және зауыттың ұсынысын қарастырып, оларды қанағаттандырмайтындығын көреді, мысалы, габариттері. Жабдықтың орналасу габариттерін өзгерту сұранысына зауыт  «Кешіріңіз, бізде осындай стандартты өнім, бізде осындай габариттер, осындай форм-фактор. Өтінеміз, осыны пайдаланыңыз. Өндіріс желісінде өкінішке орай  бізде басқасы жоқ» деп жауап береді. Сонда "Siemens"  бізге келіп және бізге айтады «Біз осындай көлемде, осындай орналасумен жасауға болады ма?». Біз жауап береміз: «Сөзсіз!». Біздің жобалау тобымыз біздің құрылымды жылдам қайта жасақтап және басқа шешімді ұсынады. Еске сала кететіні, мұның барлығы жылдам, онлайн жүйесінде жасалынады, және жобаны даярлау кезеңінде бірнеше рет жасалынуы мүмкін, яғни ірі кәсіпорындарға қарағанда, аса икемді құрылым пайда болады. Бұл біздің ерекше басымдылығымыз.

Бізде басқа артықшылықтарда жеткілікті. Бізде дәлдігі жоғары жабдықтарымыз бар. Мысалы, «Bystronic»  фирмасының лазерлі білдегі қалыңдығы 20 мм дейінгі металлды миллиметрдің жүздеген үлесіне дейінгі дәлдігімен өңдейді. Одан кейін бөлшектер бұдан әрі өңдеуді талап етпейді.  Біздің револьверлі-кесу баспағы лазер тәрізді жоғарғы дәлдікпен жұмыс істейді және оның өндірімділігі өте жоғары. Біздің жабдықтың бірегейлігі бізді басқа компаниялардың қатарынан ерекшелендіреді. Біз мысалы, «КазТелеРадио» үшін 100 -150 контейнерлерге үлкен тапсырысты жасаймыз (өткен жылы осындай тапсырысты атқардық). Жабдық  2-3 ауысымда жұмыс жасауға мүмкіндік береді.  Адами қателік болуы мүмкін емес, сондықтан металлды аппаратқа тек ғана жүктеу қажет, ал ол панельді береді. Жинауды сосын ауқымды етуге болады.

Бізде үйлесімді, тұрақты ұжым бар, біз инфрақұрылымдық шешімдерде маңызды тәжірибе жинадық, сондықтан бізге жай ғана экспертизамен жолығады.

— Айтыңызшы, сізге тапсырыс берушілер қандай тапсырыспен жолыға алады, және сіз тапсырыстың жоғарғы деңгейде орындалатындығына кепілдеме бере аласыз ба?

— Біздің ең негізгі нақты кепілдеме бере алатынмыз – бұл инфрақұрылымдық шешемдердің сапасы. Біздің ұялы операторлар  "Kcell", "Beeline", "Tele2" сияқты компаниялар – біздің өнімімізді біледі, сондықтан егер оларда қандайда бір жұмыс көлемі болса, олар әрқашан бізге хабарласады. Сосын "ҚазТелеРадио", "Қазақтелеком", "ҚазТрансКом", "ТрансТелеком" тәрізді компаниялар біздің өнімімізді пайдаланудан оң тәжірибиге ие. Сонымен бірге ол сапалы және өте шұғыл жасалынады. Сондай-ақ біз дизель генераторларға арналған контейнерлерді жасаймыз. 

Қазіргі уақытта "ТенгизШевройл" сайттарының біріне тапсырыс орындап жатырмыз –7 үлкен дизельгенератор араналған, 8 метрлі – ауқымды өнім. Мұны біз шынымен жылдам және сапалы жасаймыз.

Тағы да біз блокты – модульді ғимараттар мен биіктігі 16 ден 24 метрге дейінгі блок жасаймыз.

Тағы да біз өте қызықты өнім – шағын шелтерлерді жасаймыз. Кейбір ұялы компаниялар қаладағы контейнерлі шешемдерден, барлық жабдықтарын мини-шелтерлерге салады. Бұл сейф тәрізді, биіктігі 2 метр, климатехникасы бар, және онда байланыс жабдығының барлығы орналасқан. Және ол вандалға қарсы, ол тұтастай қорғалған.

— Сізге стандартты емес шешімдерге жиі хабарласады ма?

— Шындығында біздің барлық шешімдеріміз стандартты емес, әсіресе энергетикада. Шағын стансалардың өндірісіне қатысты, мысалы, біздің барлық шешімдеріміз стандартты емес, себебі оларды қайта жобалауға тура келеді. Барлық шағын стансалар қандай-да бір жаңа көзқарасты талап етеді. Олар әдетте үлкен көлемде, және оларды тағайындалған орынға жеткізу үшін, «көлік габариттері» деп аталынатынды пайдалану қажет. Яғни шағын стансаның элементі 2.5 метрден ені ұзын болмауы қажет және биікті 4 метрден, ұзындығы 15-17 сетрден асырылмауы қажет. Аса үлкен көлемдегу стансалар бар, сондықтан оларды бөлшектерден тұратын, блокты-модульді етіп жасауға тура келеді. Кейде бөлшектерден тұратын, бірақ тұтастай ғимаратқа қатысты талаптарға сәйкес келетіндей, құрылымды үлгілеу қиын болады. Біз жасайтынымыз стандартты емес және бірегей болып табылады: ол жерде шатыры салмақ түсетін құрылым болады, немесе бағандарды ғимарат ішінен қоюға тура келеді, кейде мүлде ештеңе қоюға болмайды, және басқа элементтермен күшейтуге тура келеді. Тапсырмалар таптаурын емес және қызық.

— Сіздің кәсіпорныңыздағы әкімшілік бөлмелерде, цехтарда мінсіз тәртіп. Айтыңызшы, бұл да сіздің сәттілігіңіздің бір бөлігі болып табылады ма?

— Бізде «Кайдзен» жүйесі енгізілуде. Яғни «үнемі жақсарту жүйесі». Егер ол мінсіз болса, ешқайда талпынудың қажеті жоқ еді... Бақытымызға ма, немесе бақытсыздығымызға ма бізде барлығы мінсіз емес, сондықтан әрқашан сен бір нәрсені жақсарта алатын, бір күнің бар, біз қазір сонымен айналысудамыз. «Кайдзен» жүйесінің құрамдас бөлігінің бірі – бұл «бес С» жүйесі – ол әрқашан тек ғана, сен қол астында пайдаланатын нәрсені ұстауға мүмкіндік беретін, бес элемент. Егер сен оны пайдаланбасаң, сен оны алып тастауың қажет. Сені тек ғана онымен жұмыс істейтін заттар ғана қорғау қажет және басқа ештеңе. Бұл жұмыс орнын, кез келген қызметкер ненің артық екендігін немесе ненің жетіспейтіндігін көруге мүмкіндік беретіндей жұмыс орнын ұйымдастыру. Шынымен де, бұл еңбек өндірімділігін арттырудың маңызды элементі болып табылады.

— Егер сізде сіздің болуы ықтимал клиенттеріңізге үндеу мүмкіндігіңіз болса, сіз өзіңіздің кәсіпорныңыз немесе ұсынысыңыз туралы не айтар едіңіз?

— Клиент бәрін әрқашан қаржы көзқарасынан қарайды. Мен мұны «калькуляторлы бизнес» деп атаймын. Ол бюджетті алады, ол өзіне бұл ақшаға не істете аламын деп қарайды және  есептейді. Менің барлық клиенттерге, жай ғана тауар емес, бұл тауарды иелену құнын есептеу қажеттігін айтамын. Сіз сатып алатын кез келген тауарда, ең маңыздысы – бұл оны иелену құны, яғни бұл тауар сізге қанша уақыт қызмет атқарады, және сіз оның қызмет көрсетуіне қанша жұмсайсыз. Ең қарапайымы мұны автокөліктерде есептеу, себебі онымен барлығы пайдаланады, және мұны барлығы жеңіл түсінеді, бірақ уақыт қажет. Мен біздің клиенттерімізге жолыққан кезде, мен әрқашан оларға біздің өнімімізді онымен иелену құны көзқарасынан бағалауды сұраймын. Өкініштісі сол мұны Батыста жақсы түсінеді, және олар ешқашан арзан сатып алмайды. Мықты батыс компанияларында – арзан сатып алу деген мақсат жоқ. Бұл біз айтатын, олар – бай және май басқан капиталисттер деген сөз емес, олар әрбір тиінды санайды және сондықтан олар ешқашан арзанды сатып алмайды. Біздің адамдар өкінішке орай, әрбір тиынды санамайды, және сондықтан арзанды сатып алады.

— Және қорытындысында: сіз өз кәсіпорыныңыздың алдағы дамуын қалай деп көресіз? Өз кәсіпорныңызды жақын болашақта қандай етіп көргіңіз келеді?

— Біздің жұмысымыздың элементтерінің бірі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау қажетті болып табылады. Біз қалай даму қажетпіз деген идея бізде бар. Біздің дамуға арналған нық іргетасымыз бар: аумағымыз үлкен (5 га жер, бірақ текғана 2 га пайдаланылады, яғни 3 га бос, кеңейтуге арналған аумағымыз бар, дамыта аламыз), қаржылай тұрақтылығымыз бен осы жылға шамшыл жоспарларымыз бар. Экономика мен біздің кәсіпорындағы қазір өтіп жатқандардың барлығын, біз шамамен болашақтағы бес жылға таратуымыз мүмкін. Біз 5 жыл ішінде Қазақстандағы инфрақұрылым шешімдерінің көшбасшысы боламыз деп ойлаймыз. Біз біздің мықты жақтарымызды дамытамыз және бізге аса бәсекелестікке қабілетті болуға мүмкіндік беретін және заңды шешемдерді ұсынатын  қосымша, өнімді өндірісті ашуымыз мүмкін. Міне  бұл – біздің даму болашағымыздың бірі.