КЕСУ ЖҰМЫСТАРЫ

ТОО "Промет"

Кесу жұмыстары – табақ металлдары пішімделіп және болашақ өнім бөлшектеріне қалыптау үдерісі. Корпустарды пішімдеп және қалыңдығы 2 мм дейінгі табақ металлынан жасалынатын панельдер үшін, сапаның жоғарғы көрсеткіштері, дәлдігі мен жұмыс өндірімділігіне ие, координаттық тесіп өткіш заманауи білдектерін пайдаланамыз.

Металлды тесіп өтуді автоматтандыру адамның қатысуынсыз біртипті өнімдердің үлкен партиясын жасап шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, қателіктерді болдырмай және мұндай бөлшектердің мінсіз дәлдігін қамтамасыз етеді.

Координатты тесіп өту әдісі кесіп алуға арналған қарапайым кескіні бар үлкен партиялармен жұмыс істеуге тура келетін жерлерде аса орынды. Мысалы, дөңгелек, сопақша, төртбұрыш және тікбұрышты тесу, тігінен кесу, металлды үлгілі қалыптау мен металлды бұрғылап тесу. Сол уақытта біз  өндіріске  бұрғылап кесудің күрделі кескіні бар көп емес партиялары қабылдаймыз, бірақ бұл жағдайда басқа лазермен кесу технологиясы қолданылады.

Білдек  жылдамдығы аса жоғары кесу дайындамалары (1100 соққыдан аса), сондай-ақ пішінді аспаптарды қолдану мақсатында пуансонның төменгі жылдамдықтарын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ  үлкен көлемдегі аспаптарды пайдалану  кезінде шу деңгейін азайтуды қамтамасыз  ететін, жылдамдығы жоғары гидравликамен жабдықталған. Бағдарламаланатын жұмыс барысының көлемі қалыпқа құю операциялары кезінде көптеген мүмкіндіктерді береді, сондай-ақ ию операцияларын орындау әдістерінің бірі ретінде пайдаланылады.