2007 - МЕТАЛЛ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ ЗАУЫТЫНЫҢ АШЫЛУЫ

2007 жылы біздің өндірісіміздің ашылуы болды. Металлдан жасалынатын құрылғыларды өндіру бойынша зауыт бұл сөздің тура мәнінде нөлден бастап құрылды. Бастапқы кезеңнің барлық қиыншылықтарына қарамастан металл өңдеу үшін  ең замануи, дәлдігі жоғары, қуатты, қымбат бағалы жабдықтар сатып алынды. Бұл швейцариялық өндірістегі лазер білдегі, және зергерлік – кескіш баспақ, ию білдігі, гильотина, бояу камералары және т.б. Барлық жабдықтар тек ғана беделі жоғары еуропалық өндірушілерден сатып алынды. «Промет» металл құрылғыларының зауыты Алматы облысындағы Покровка ауылының аумағында бұған дейін ешкіммен игерілмеген аймақта бір топ ынтагерлермен құрылған болатын және басынан бастап Қазақстан зауыттарының лайықты өкілі болды. 

Өндіріс шағын инфрақұрылымдық шешімдерді (байланыс шелтерлері немесе шағын шелтерлер, контейнерлер, блокты-модульді ғимараттар және т.б.) өндіру үшін құрылды. «Прометтің» негізін қалаушылар Қазақстан аумағының .үлкендігін және инфрақұрылым құрылысы алдағы он жылдықта басым тапсырмалардың бірі болатындығын түсінді. Кез келген  құбыр, кез келген темір немесе автомобильді жол, кез келген байланыс желісі, коммуникация желісімен және қызмет көрсетілмейтін байланыс тораптары деп аталынатын белгілі бір арақашықтық арқылы орнатумен қоса жүргізілуі тиіс. Біздің тапсырмамыз  мұндай байланыс тораптарының құрылғылары үшін, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы блокты-модульді ғимараттарды, соның ішінде техникалық шағын бекеттерге арналған вандалға қарсы, сенімді контейнерлердің өндірісін ұйымдастыру болды. 

Металл құрылғыларының өндірісі – күрделі технологиялық үдеріс. Мұндай металл құрылғыларына жоғарғы: беріктік, төзімділік, орнықтылық, барлық маусымдылық  талаптары қойылады. Біз бірінші кезекте телекоммуникация компаниялары, көлік және мұнай компанияларына арналған шешімдерді шығарамыз. Басынан бастап біз Қазақстан аумағындағы металл құрылғыларының ең үздік өндірушісі болдык, және бүгінгі күнге дейін болып келеміз және  болашақта осы көшбасшылықты сақтау үшін барлығын жасаймыз!