2014 ӨНДІРІСТІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Біз металл құрылғыларының өндірісін әрбір кезеңде барынша оңтайландыр үшін тұрақты түрде жұмыс істейміз. 2014 жылғы қараша айынан бастап Ұқыпты Өндіріс жүйесі кәсіпорынға енгізіле бастады. Еуропалық қайта құружәне даму банкінен грант алынып және «Кайдзен» жүйесі бойынша кеңесшілер тартылды. «Кайдзен» — бұл сапаны, технологияны, үдерістерді, корпоративті мәдениетті, еңбек өнімділігін, сенімділігін, көшбасшылығы мен бизнестің басқа да аспектілерін үздіксіз жақсарту жүйесі. Және бұл біздің зауытымыздың негізін қалаған күннен бастап ұмтылатынымыз. 

Сонымен қоса соңғы жылдары біз біліктілігі жоғары кадрлардан сенімді команданы құрғанымызды мақтанышпен атап өтуге болады. Дұрыс кадр саясаты кадр тұрақтамаушылығының және басқа да қызметкерлермен байланысты мәселелердің жоқтығына әкелді. Қазір өндірістік құрылымның барлық деңгейіндегі барлық қызметкерлер өздерін сенімді ұстап, реттілікпен  жұмыс істейді. Бұл металл құрылғыларын даярлау үдерісін  аса  оңтайлы  жасауға мүмкіндік берді. 

Жұмыс орнындағы тіртіп, зауыттың барлық бөлмелеріндегі тазалық пен тәртіп, тұрақты қаржылық жағдай мен біздің өндірістік мүмкіншіліктерімізді тұрақты дамуы – тиімді басқару нәтижесі!