ҚҰРАСТЫРМАЛЫ ЖИНАЛМАЛЫ КОНТЕЙНЕРЛЕР

by Promet

«Промет» ЖШС компаниясы өзіне меншікті шығарылымындағы мобильді блок-модульдерді (бокстар) тиімді бағамен ұсынады. Біз кез келген күрделіктегі блок боксты, сіздің жиынтықтау тапсырмаңызға сәйкес етіп орындаймыз.

Блок-контейнер неден тұрады?

Блок-контейнер — тіреуіш құрылымы ретінде құрыштан жасалынған көлемді құрастырылмалы-жиналмалы  модуль. Сыртынан және ішінен блок-бокс құрыш табағынан әзірленген панельдермен қапталады. Блок-бокс шатыры мырышпен қапталған құрышпен орындаланы, төбесі мен едені қыздырылады. Контейнердің конструктивті элементтерін бояу үшін, түсін тапсырыс берушінің өзі таңдайтын, полимерлі ұнтақ бояу технологиясы пайдаланылады.

Тағайындалуына қарай мобильді блок-контейнер бір-бірінен аралықпен бөлінген, кез келген бөлек санынан тұруы мүмкін, олар көлденеңінен, сонымен қоса жағалай орналасуы мүмкін. Егер мұндай қажеттілік туындаған жағдайда, біздің мамандарымыз блок-бокс ішінде жарықтандыру аспаптарын және розеткаларын, электр жылытқыштарын, өрт дабылдарын, және кез келген басқа жабдықты клиенттің қалауы бойынша орналастырады.

Блок-модуль – өз орнын мұнайгаз кешендері мен өндірістік объектілерде әлдеқашан тапқан, әмбебап металл құрылымы.

«ПРОМЕТ» ЖШС КОНТЕЙНЕРЛЕРГЕ ТАПСЫРЫС БЕРУ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Біздің металл өңдеу кешеніміздегі қызметкерлерінің  алуан түрлі тағайындалудағы контейнерлерді өндірудегі тәжірибесі аз емес. «Промет» ЖШС өз өнімін метал құрылымдарының нарығына 2008 жылы алғашқы рет ұсынды және осы сәттен бастап біздің зауыттың өнімдері өзгеріссіз жоғарғы танымалдылыққа ие.

Біз сізге сапасы жоғары блок-модульдерді аса тиімді бағамен ұсынуға дайынбыз. Тапсырыс құнын біздің құзіретті менеджерлармен талқылай аласыз.

Бірнеше өндірістік желісінің болуының арқасында, біздің мамандар қысқа мерзім ішінде, тапсырыс берушінің кез-келген талаптарына сәйкес, блок-контейнерлерді даярлайды. «Промет» ЖШС компаниясы ұсынатын даярлау жылдамдылығы мен өнімнің жоғарғы сапасы, сіздің қуантады!